Назад

1.         ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 1.1.      «Civil aviation association» Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің бірлестігі (бұдан әрі мәтін бойынша — «Қауымдастық»), осы Жарғыда көзделген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің, оның ішінде шетелдік тұлғалардың ерікті бірлестігімен құрылған үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйымы болып табылады.

1.2.      Қауымдастық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, осы Жарғыға және Құрылтай шартына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

1.3.      Қауымдастықтың толық атауы:

қазақ тілінде: «Civil aviation association» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігі;

орыс тілінде: Объединение юридических лиц и индивидуальных предпринимателей «Civil aviation association»;

ағылшын тілінде: Association of legal entities and individual entrepreneurs «Civil aviation association»;

1.4.      Қауымдастықтың қысқартылған атауы:

қазақ тілінде: «Civil aviation association» ЗТЖКБ, «CAA» ЗТЖКБ;

орыс тілінде: ОЮЛИП «Civil aviation association», ОЮЛИП «CAA»;

ағылшын тілінде: ALEIE «Civil aviation association», ALEIE «CAA»;

1.5.      Қауымдастықтың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Жәнібек тархан көшесі, 17 үй, 102.

 2.         ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ

 2.1.      Қауымдастық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына (бұдан әрі мәтін бойынша – «Заңнама») сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап заңды тұлға мәртебесіне ие болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында және одан тыс жерлерде өз қызметін жүзеге асырады.

2.2.      Қауымдастыққа мүшелер болып табылатын (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қауымдастық мүшелері») заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер заңды және экономикалық дербестігін сақтайды. Қауымдастық өз қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алған кез келген таза табыс Заңнамада белгіленген тәртіпте Құрылтай құжаттарында көзделген мақсаттарға пайдаланылады және Қауымдастық мүшелерінің арасында бөліне алмайды.

2.3.      Қауымдастықтың мөрі, мөртабаны, бланктері, дербес балансы, банк ұйымдарында, оның ішінде шетел валютасында есептік және басқа да шоттары, сондай-ақ меншікті мүлкі және жарғылық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін қажетті қаржылық құралдарбар. Қауымдастықтың бланкін пайдалану құқығы Қауымдастықтың Басқарушы директорына ғана беріледі.

2.4.      Қауымдастықтың оқшауланған мүлкі бар, Заңнамаға сәйкес тыйым салынуы мүмкін өзіне тиесілі мүліктің шегінде өз міндеттемелері бойынша жауаптылықта болады. Өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқытар мен міндеттер алуы және жүзеге асыруы, сотта талап қоюшы және жауапкер болуы мүмкін.

2.5.      Қауымдастық бұл оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана қосымша кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады. Кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін Қауымдастық өзі құрылған жарғылық мақсаттарға жету үшін шаруашылық серіктестіктер құруға немесе мұндай серіктестіктерге қатысуға құқылы.

2.6.      Қауымдастық өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қауымдастық мүшелері оның міндеттемелері бойынша олар Қауымдастыққа кірген кезде төлеген жарналар мөлшерінде ортақ жауаптылықта болады. Мемлекет Қауымдастықтың міндетемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты Қауымдастық та мемлекет міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

2.7.      Қауымдастық өз қызметінің мақсаттары мен мәні туралы ақпаратты еркін таратады.

2.8.      Қауымдастықты Құрылтай құжаттарында немесе Заңнамада белгіленген тәртіппен тарату жағдайларын қоспағанда, Қауымдастықтың қызмет ету мерзімі шектелмеген.

2.9.      Жарғы Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген кезден бастап заңды күшіне енеді.

2.10.    Осы Жарғы баптарының барлық ережелері Қауымдастықтың барлық мүшелері үшін заңды түрде міндетті болып табылады.

3.         ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ, МӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 3.1.      Қауымдастықты құру мақсаты заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің қызметін үйлестіру ортақ мүдделерін білдіру және қорғау, сондай-ақ азаматтық авиацияны дамытуға жәрдемдесу үшін оларды біріктіру болып табылады.

3.2.      Қауымдастық қызметінің мәні азаматтық авиация субъектілерінің қызмет ету практикасында әлемдік тәжірибе жетістіктерін игеру және енгізу, сондай-ақ осы Жарғыда көзделген Қауымдастықтың мақсаттарына жетуге бағытталған олардың қызметін жүзеге асыруда Қауымдастықтың мүшелеріне әрекеттесу болып табылады.

3.3.      Қауымдастықтың міндеттері:

3.3.1.   мемлекеттік органдармен, халықаралық және коммерциялық емес ұйымдармен және басқа да үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл кезінде Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін білдіру және қорғау, сараптау және жұмыс топтарының, комиссиялардың жұмысына қатысу;

3.3.2.   Заңнаманы, мемлекеттік бағдарламаларды және азаматтық авиация субъектілерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді талдау және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ заң жобалау жұмысына қатысу;

3.3.3.   Қауымдастық мүшелерінің азаматтық авиацияны дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары бойынша бірыңғай ұстанымын әзірлеу;

3.3.4.   қазақстандық және шетелдік компанияларға, ұйымдарға, олардың бірлестіктері мен одақтарына Қауымдастық қызметінен шығатын мәселелер бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсету;

3.3.5.   өзара және сыртқы ұйымдармен тәжірибе алмасуды, персоналды оқыту және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

3.3.6.   әртүрлі семинарлар, форумдар, конференциялар, оның ішінде, халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, сондай-ақ Қауымдастық және оның мүшелерінің қызметін кеңінен жариялау үшін азаматтық авиацияны дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

3.3.7.   баспагерлік қызметті ұйымдастыру, Қауымдастық мүшелерінің және Қауымдастықтың өзінің кәсіби қызметін жариялайтын журнал және газет өнімдерін шығару;

3.3.8.   Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін функцияларды жүзеге асыру.

3.3.9. Авиация мамандарының бастапқы даярлығын жүргізу және кәсіби дайындық деңгейін арттыру;

 4.         ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 4.1.      Қауымдастықтың құқықтары. Қауымдастықта мынадай құқықтар бар:

4.1.1.   мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентінде Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін білдіру,азаматтық авиацияның ағымдағы проблемаларына қатысты мәселелерді зерттеу, сондай-ақ мұндай мәселелер бойынша ақпарат және статистикалық деректерді жинау, өңдеу және тарату, олардың шешім шығаруына жәрдемдесу немесе Заңнамаға сәйкес мұндай мәселелерді шешу үшін рәсімдер мен әдістер ұсыну;

4.1.2.   мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен бірлесіп жұмыс істеу; олар үшін шарттар мен келісімдер негізінде оған тапсырылған жмыстарды орындау; өзіне оған берілген өкілеттіктер мен функцияларды өз еркімен қабылдау; кез келген құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді, құқықтарды, артықшылықтарды, жеңілдіктер немесе Қауымдастықтың мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті жол берулерді алу;Заңнамаға сәйкес кез келген мұндай құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді, құқықтарды, артықшылықтарды, жеңілдіктер мен жол берулердің талаптарын орындау, пайдалану және сақтау.Бұл ретте Қауымдастықтың, заңнамада арнайы уәкілетті етілгендерінен басқа, мемлекеттік органдардың істеріне, ал мемлекеттік органдардың Қауымдастық істеріне араласуына жол берілмейді;

4.1.3.   басқа комерциялық емес ұйымдар мен одақтарға, қауымдастық пен одақтарға кіру, кез келген басқа заңды тұлғалардың қаысушысы (құрылтайшысы) болу, құрылымдық бөлімшелер (филиалдар және өкілдіктер ашу), оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құру;

4.1.4.   қоғамдық немесе қайырымдылық іс-шараларды қолдау немесе оларға қатысу, сондай-ақ Қауымдастықтың немесе оның мүшелерінің мүдделеріне жауап беретін ұйымдар мен қоғамдардың жұмысына қатысу;

4.1.5.   Қауымдастық мүшелерін көтермелеудің әртүрлі нысандарын құру, оның ішінде азаматтық авиация қызметкерлерін ынталандыру, Саланы, Қауымдастықты дамытуға қосқан кәсіби үлесін бағалау және мамандық беделін арттыру мақсатында төсбелгілер түрінде көтермелеу;

4.1.6.   Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кез келген құқықтарды жүзеге асыру.

4.2.      Қауымдастықтың міндеттері. Қауымдастық:

4.2.1.   Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және құрылтай құжаттарының талаптарына сәйкес әрекет етуге;

4.2.2.   Қазақстан Респуликасы заңнамасының, осы Жарғының және оған сәйкес қабылданған Қауымдастықтың ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;

4.2.3.   Қауымдастық мүшелеріне өз қызметі туралы ақпаратты, оның ішінде Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналыстарының (бұдан әрі – Жалпы жиналыс), Қауымдастықтың Үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Қауымдастық кеңесі) хаттамаларын және Қауымдастықтың басқа да құжаттамасынұсынуға міндетті.

 5.         ҚАУЫМДАСТЫҚҚА МҮШЕЛІК

 5.1.      Қауымдастыққа мүшелер Қазақстан Республикасының кез келген заңды тұлғалары және (немесе) жеке кәсіпкерлері, сондай-ақ Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерін бөлісетін, Қауымдастыққа кірген, осы Жарғыны мойындайтын және орындайтын, мүшелік жарналарды төлейтін, көбіне азаматтық авиация саласында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық ұйымдар.

5.2.      Қауымдастықта мынадай мүшелік түрлері көзделеді: толық және қауымдасқан.

5.2.1.   Қауымдастыққа толық мүшелердің Жалпы жиналыста шешуші дауыс беру құқығы бар, олардың өкілдері Қауымдастықтың басқару органдарына сайлануы мүмкін;

5.2.2.   Қауымдастыққа қауымдасқан мүшелердің Жалпы жиналыста кеңесші дауыс беру құқығы бар;

5.3.      Құрылтайшылар Қауымдастық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап Қауымдастықтың толық мүшелеріне айналады. Құрылтайшылардың Қауымдастықтың басқа толық мүшелеріне қатысты артықшылық құқықтары мен жеңілдіктері жоқ.

5.4.      Жыл сайынғы мүшелік жарналарды толық төлейтін Қауымдастық мүшелері оның қызметтерін тегін пайдаланады.

5.5.      Қауымдастыққа кіру. Қауымдастыққа мүшелікке қабылдау Қауымдастықтың Басқарушы директорының атына жазылған жазбаша өтініш негізінде жүргізіледі.

5.5.1.   Барлық кіретін мүшелер Жалпы жиналыс Қауымдастыққа қабылдау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде жыл сайынғы мүшелік жарна сомасының 30 % (отыз пайызы) мөлшерінде кіру жарнасын енгізуге тиіс. Соманың қалған бөлігі Қауымдастыққа өтініш беруші қабылданған күннен бастап 1 (бір) айдан кешіктірмей төленуі тиіс.

5.5.2.   Өтініш беруші Жалпы жиналыс оның кандидатурасын бекіткен және кіру жарнасын төлеген соң Қауымдастыққа мүше болады, содан кейін Қауымдастыққа мүшенің барлық құқықтарына ие болады және міндеттерін орындайды, сондай-ақ Қауымдастыққа мүше деп аталуына құқылы.

5.5.3.   Қауымдастыққа кіру күні Қауымдастыққа мүшелік шартына қол қойылған күн есептеледі.

5.5.4.   Жыл сайынғы мүшелік жарнаны төлеу тәртібі мен мөлшері Жалпы жиналыста белгіленеді. Жыл сайынғы мүшелік жарнаны төлеу тәртібі мен мөлшерін өзгерту туралы шешімдер Жалпы жиналыс мұндай шешімдерді қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.

5.6.      Мүшелікті тоқтату.Мүшелік Жалпы жиналыстың шешімі бойынша мынадай жағдайларда тоқтатылуы мүмкін:

5.6.1.   Қауымдастық мүшесінің Заңнамада белгіленген тәртіппен, Қауымдастықтың Басқарушы директорының атына тиісті жазбаша хабарлама ұсыну арқылы Қауымдастық мүлкіндегі үлесті бөліп алу құқығынсыз Қауымдастықтан өз еркімен шығуы.

5.6.2.   Жалпы жиналыстың шешімдерінде, Жарғыда және Қауымдастықтың ішкі ережелерінде белгіленген өз міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамауы.

5.6.3.   төлем шотын берген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде мүшелік жарналарды уақтылы енгізбеу;

5.6.4.   Қауымдастықтың беделін түсіретін және/немесе мүлкіне немесе оның мүшелеріне нұқсан келтіретін әрекеттер/әрекетсіздіктер.

5.7.      Қауымдастық мүшелерін Қауымдастықтан шығару тәртібі:

5.7.1.   Қауымдастық мүшесі Қауымдастықтың атқарушы органы оны Қауымдастықтан шығару туралы мәселені Жалпы жиналысқа шығару сеептері туралы Жалпы жиналыс өткізілгенге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей, бұл мәселені талқылауға қатысу құқығымен хабардар етіледі;

5.7.2.   Қауымдастық мүшесі не оның заңды өкілі Жалпы жиналыста дәлелді себепсіз болмаған жағдайда, оны шығару туралы шешім оның қатысуынсыз қабылдануы мүмкін;

5.8.      Қауымдастықтан шыққан немесе шығарылған кезде бұл Қауымдастықтың мүшесі мүшелік аяқталған кезден бастап екі жыл бойы Қауымдастықтың міндеттемелері бойынша ол Қауымдастыққа кірген кезде өзі төлеген жарна сомасына тең мөлшерде ортақ жауаптылықта болады.Төленген мүшелік жарналар қайтаруға жатпайды.Бұл ұйымның өкілдерінің Қауымдастық органдарындағы өкілеттіктері ұйымға мүшелік аяқталған күннен бастап тоқтатылады.

5.9.      Қауымдастықтың бірде-бір мүшесінің, мұндай өкілдік ету немесе әрекет Қауымдастық Жалпы жиналысымен алдын ала жазбаша түрде рұқсат етілсе, мұндай өкілдік ету немее әрекет берілген рұқсатқа қатаң сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда, қалай да Қауымдастықтың атынан өкілдік етуге немее Қауымдастық атынан әрекет етуге құқығы жоқ.

 6.         ҚАУЫМДАСТЫҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 6.1.      Қауымдастық мүшелері мыналарға құқылы:

6.1.1.   Жарғыда белгіленген тәртіппен Қауымдастық істерін басқаруға қатысу;

6.1.2.   Қауымдастық қызметінің мәні болып табылатын барлық мәселелер бойынша ұсыныстарды қарауға енгізуге, оларды талқылауға және шешімдер қабылдауға қатысуға;

6.1.3.   Қауымдастықта бар іскерлік және коммерциялық ақпаратты толық көлемде пайдалануға;

6.1.4.   олардың бірінші талап етуі бойынша Жалпы жиналыстың шешімдерін, Қауымдастықтың соңғы үш жылдың кез келген үшін жылдық есептерді, Қауымдастық Кеңесі, Тексеру комиссиясы мүшелерінің тізімдерін алуға.

6.1.5.   Қауымдастықтың жұмысына қатысуға, Қауымдастық өткізетін іс-шараларға қатысуға;

6.1.6.   Қауымдастықтың мерзімдік басылымдарына мақалалар жариялауға;

6.1.7.   Қауымдастықтың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге;

6.1.8.   уәжді түсініктеме ұсына отырып, жылдық мүшелік жарнаны төмендету туралы ұсыныспен жүгінуге.

6.1.9.   Қауымдастық мүшелерінің қатарынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, осы Жарғыда және Құрылтай шартында белгіленген тәртіппен өз еркімен шығуға;

6.1.10. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған Қауымдастық мүшесінің кез келген құқықтарын жүзеге асыруға құқылы.

6.2.      Қауымдастық мүшелері:

6.2.1.   Қауымдастық Жарғысы мен құрылтай шартының барлық ережелерін сақтауға;

6.2.2.   Жарғыда, не Жалпы жиналыстың шешімдерінде белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімдерде мүшелік жарналар енгізуге;

6.2.3.   Жарғыда және Қауымдастықтың ішкі ережелерінде айқындалған Қауымдастық алдындағы оның қызметіне қатысу бойынша өз міндеттемелерін орындауға;

6.2.4.   Жалпы жиналыстың, Қауымдастықтың атқарушы, бақылаушы және басқа да органдарының шешімдерін орындауға;

6.2.5.   Қауымдастық қызметі үшін қажетті статистикалық деректер ұсынуға;

6.2.6.   Қауымдастықтың ішкі және басқа да құжаттамасына сәйкес комерциялық құпия деп жарияланған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

7.         ҚАУЫМДАСТЫҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ

 7.1.      Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы (Жалпы жиналыс) Қауымдастықтың жоғарғы басқару органы болып табылады. Жалпы жиналыс Қауымдастық мүшелерінен немесе олардың мүдделерін білдіруге уәкілетті етілген тұлғалардан тұрады.

7.2.      Жалпы жиналыстың негізгі функциясы – оның мүдделері үшін Қауымдастық құрылған мақсаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

7.3.      Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналыс арқылы Қауымдастықты басқару бойынша өз құқықтарын жүзеге асырады.

7.4.      Жалпы жиналысты шақыружәне кворум.

7.4.1.   Жалпы жиналыс кезекті және кезектен тыс болуы мүмкін. Кезекті Жапы жиналыс жылына кем дегенде бір рет шақырылады.Кезектен тыс Жалпы жиналысты Қауымдастықтың Басқарушы директоры өз бастамасы бойынша не Қауымдастық мүшелерінің жалпы санының оннан бір бөлігі шақырады.

7.4.2.   Қауымдастықтың жылдық қаржылық есептілігін бекітуге арналған Жалпы жиналыс кезекті қаржылық жыл аяқталғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

7.4.3.   Жалпы жиналыстың төрағасы болып Қауымдастықтың толық мүшелерінің өкілдерінің арасынан 3 (үш) жыл мерзімге сайланады.

7.4.4.   Жалпы жиналыстың жауапты хатшысы болады, ол Жалпы жиналысқа талқылауға шығарылған мәселелердің ұсынылуын ұйымдастырады, қажетті құжаттаманы ресімдеуді қамтамасыз етеді. Жалпы жиналыстың жауапты хатшысының міндеттерін Басқарушы директордың хатшысы (референт), ал ол болмаған кезде – Жалпы жиналыс сайлаған басқа тұлға орындайды.

7.4.5.   Жалпы жиналыстың отырысы хаттамамен ресімделеді, ол Жалпы жиналыстың барысы мен шешімдерін қамтиды. Хаттамаға Жалпы жиналыста төрағалық етуші және жауапты хатшы қол қояды, ол Қауымдастықтың мөрімен куәландырылады және Атқарушы органның орналасқан жері бойыншасақталады.

7.4.6.   Қауымдастықтың барлық мүшелері (және/немесе олардың тиіснше уәкілетті етілген өкілдері) алдағы Жалпы жиналыс туралы хабарламаны Жалпы жиналыс өтетін күнге дейін күнтізбелік 7 (Жеті) күннен кешіктірмей алады. Қауымдастық мүшелеріне хабарламалар жазбаша түрде жасалады және толық күн тәртібін және Жалпы жиналыста қаралатын мәселелерге қатысты барлық қажетті ақпаратты қамтиды.

7.4.7.   Аса тиімділікке қол жеткізу үшін Жалпы жиналыс Қауымдастықтың атқарушы органының атына электрондық пошта, факс арқылы жазбаша бюллетендерді жолдау және жазбаша жауаптар алу арқылы сырттай нысанда жүргізілуі мүмкін.

7.4.8.   Жалпы жиналыста хабарламада көрсетілген мәселелер қаралады және дауысқа салынады. Жалпы жиналыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелерге қатысты Қауымдастық мүшелері Қауымдастықтың атқарушы органдары туралы кез келген қосымша ақпарат алуға құқығы бар.

7.4.9.   Күн тәртібіне енгізілмеген кез келген қосымша мәселелерді талқылау Жалпы жиналысқа қатысып отырғандардың көпшілік дауысымен мақұлдануға тиіс.

7.4.10. Жалпы жиналысқа толық мүшелердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің кем дегенде75% (жетпіс бес пайызы), егер тек Заңнамада өзгесі көзделмесе, барлық мақсаттар үшін кворум (бұдан әрі мәтін бойынша – «Кворум») түзеді.Кворум болмаған жағдайда, кейінгі Жалпы жиналыс өтпей қалған Жалпы жиналыстан кейін күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде шақырылады.

7.5.      Шешім қабылдау тәртібі.

7.5.1.   Жалпы жиналыстың шешімдері мүшелік түрін есепке ала отырып Қауымдастық мүшелерінің жай көпшілік дауыстары негізінде дауыс берумен қабылданады.

7.5.2.   Жалпы жиналыстың шешімі, егер оған Жалпы жиналысқа қатысып отырған Қауымдастықтың толық мүшелерінің кем дегенде жартысы дауыс бергенде қабылданды деп есептеледі.Дауыстар саны тең болған жағдайда, даулы мәселе бойынша, кейін, бірақ сол күні өткізілуі мүмкін Жалпы жиналыста қайта дауысқа салу (дәл сондай немесе өзгертілген тұжырымдамада)өткізілуі мүмкін.

7.5.3.   Жалпы жиналыста қауымдастықтың бір мүшесінің атынан бір мезгілде бірнеше өкіл қатысқан кезде дауыс беру құқығы олардың біреуіне ғана беріледі.

7.5.4.   Жалпы жиналыста құпия да, ашық дауыс беруге де жол беріледі. Дауыс беру нысаны туралы шешімді Жалпы жиналысқа қатысушылар қатысып отырғандардың ашық дауысқа салуы арқылы жай көпшілік дауысымен  қабылданады.

7.6.      Жалпы жиналыстың айрықша құзыретінемыналар жатады:

7.6.1.   Қауымдастықтың орналасқан жері мен атауын өзгертуді қоса алғанда, Қауымдастықтың Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Құрылтай құжаттарын жаңа редакцияда бекіту;

7.6.2.   Қауымдастық қызметінің басым бағыттарын, оның мүлкін қалыптастыру және пайдалану қағидаттарын айқындау;

7.6.3.   Қауымдастық Президентін және Басқарушы директорын тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату;

7.6.4.   Қауымдастықтың, Атқарушы органның және Қауымдастықтың басқа да органдарының құзыретін, өкілеттіктерін қалыптастыру және тоқтату тәртібін айқындау;

7.6.5.   филиалдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар құру, өкілдіктер ашу және басқа ұйымдарға қатысу;

7.6.6.   Қауымдастықтың құрылымдық бөлімшелерінің, өкілдіктер мен филиалдардың басшыларын лауазымында бекіту, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату.

7.6.7.   Қауымдастық мүшелерін Қауымдастық қатарынан мәжбүрлі түрде шығару;

7.6.8.   атқарушы органның қаржылық есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзмділігін, сондай-ақ бақылаушы органның тексерулер жүргізу және олардың нәтижелерін бекіту тәртібін айқындау;

7.6.9.   Қауымдастықтың жылдық қаржылық есептілігін бекіту;

7.6.10. Қауымдастықта қалыптасқан қорларды құру және жұмсау түрлері мен тәртібін айқындау;

7.6.11. Қауымдастықтың шығындар сметасын (бюджетін) бекіту;

7.6.12. кіру және жыл сайынғы мүшелік жарналарды төлеу мөлшері мен тәртібін айқындау;

7.6.13. Қауымдастық кеңесінің жұмысы туралы Президенттің есебін бекіту;

7.6.14. Қауымдастықтың перспективалы жұмыс жоспарын бекіту;

7.6.15. Қауымдастықтың ережелері мен ішкі құжаттарын бекіту;

7.6.16. Қауымдастықты қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешімдер қабылдау;

7.6.17. Қауымдастықтың тарату балансын бекіту.

7.7.      Жалпы жиналыс Қауымдастықтың атқарушы, бақылаушы және басқа да органдарының шешімдерін растау немесе күшін жою бойынша мәселелерді өз қарауына алуға құқығы бар.

7.8.      Жалпы жиналыс оның құзыреті осы Жарғыда қалай айқындалғанына қарамастан, Қауымдастық қызметімен байланысты кез келген мәселені қарауына алуға құқылы.

 8.         ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ

 8.1.      Қауымдастықтың Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қауымдастық қызметін үйлестіру және тиімділігін арттыру мақсатында, оған берілген өкілеттіктер шеңберінде құрылатын консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

8.2.      Қауымдастық Кеңесінің мүшелерін сайлау Жалпы жиналыста ұсынылған кандидатуралар бойынша 3 (үш) жыл мерзімге жүзеге асырылуы тиіс. Қауымдастықтың әрбір мүшесінен Кеңеске тек бір ғана адам сайланады. Кеңестің сандық құрамындағы мүшелер саны 3 (үштен) кем болмауы және 7 (жетіден) аспауы тиіс.

8.3.      Қауымдастық Президенті Кеңестің Төрағасы болып табылады.

8.4.      Президентті Жалпы жиналыс Кеңестің басқа мүшелерінен бөлек 3 (үш) жылға сайлайды (қайта сайлайды). Президент лауазымына кандидатураны толық мүшелер Жалпы жиналыста ұсынады.

8.5.      Президенттің құзыретінемыналар кіреді:

8.5.1.   мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентінде және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін білдіру, Қауымдастық мүшелерінің атынан олардың жалпы пікірі мен ортақ мүдделерін білдіру, сондай-ақ олардың қорғалуын қамтамасыз ету;

8.5.2.   Қауымдастықта корпоративтік жұмысты ұйымдастыру;

8.5.3.   бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл.

8.6.      Қауымдастық Кеңесінің құзыретіне мынадай мәселелер жатады:

8.6.1.   азаматтық авиацияның жай-күйін, оның құрылымы мен динамикасын талдау және талқылау негізінде Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттарын  айқындау, сондай-ақ даму үрдістерін болжамдау;

8.6.2.   Қауымдастық қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған келісілген ұсыныстар мен әрекеттерді әзірлеу;

8.6.3.   отырыстарда Қауымдастық мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, комиссиялардың, комитеттер мен жұмыс топтарының жұмыс қорытындыларын талқылау.

8.7.      Қауымдастық Жарғысында көзделген Қауымдастық Кеңесінің сандық құрамы азайған жағдайда, таяуда өтетін Жалпы жналыста Қауымдастық Кеңесінен шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау (бос орындарды толтыру үшін) өткізіледі.

 9.         ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ АТҚАРУШЫ ОРГАНЫ

 9.1.      Қауымдастықты басқарудың жеке-дара атқарушы органы  Басқарушы директор болып табылады.

9.2.      Басқарушы директор, Қауымдастықтың Құрылтай құжаттарында Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатызылған мәселелерді қоспағанда, Қауымдастықты ағымдағы басшылықты жүзеге асырады.

9.3.      Басқарушы директор Жалпы жиналысқа есеп береді, оның кандидатурасын Жалпы жиналыста Қауымдастықтың толық мүшелеріұсынады.

9.4.      Басқарушы директорды Жалпы жиналыс 5 (бес) жыл мерзімге сайлайды. Бір ғана тұлға Басқарушы директор лауазымына ұсынылуы және бірнеше рет шектеусіз сайлануы мүмкін.

9.5.      Басқарушы директордың құзыретіне Қауымдастықтың басқа басқарушы органдарының айрықша құзыретін құрамайтын барлық мәселелерді шешу жатады. Басқарушы директор Қауымдастықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді, оның ішінде:

9.5.1.   Қауымдастықтың Жалпы жиналысы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

9.5.2.   Қауымдастықтың негізгі қызмет мақсаттарына сәйкес оның қызетін ағымдағы басшылықты жүзеге асырады;

9.5.3.   Қазақстан Республикасында да, шетелдік мемлекеттерде де барлық мекемеледе, кәспорындар мен ұйымдарда Қауымдастықтың мүдделерін білдіреді;

9.5.4.   штаттық кестені бекітеді, санын және еңбекақы төлеу шарттарын бекітеді, Қауымдастықтың лауазымды адамдарын қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады, олардың лауазымдық еңбекақылары мен дербес үстеме ақы мөлшерлерін белгілейді, олармен еңбек шарттарын (келісімшарттарын) жасайды;

9.5.5.   құрылымдық бөлімшелердің, филиалдар мен өкілдіктердің жұмысын үйлестіреді;

9.5.6.   бұйрықтар шығарады және оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша барлық жалданбалы қызметкерлердің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;

9.5.7.   мәмілелер жасайды, бекітілген шығындар сметасы шегінде мәмілелер бойынша Қауымдастық өзіне қабылдаған мндеттемелердің орындалуын ұйымдастырады;

9.5.8.   бекітілген шығыстар сметасына (бюджетіне) сәйкес Қауымдастытың ақша қаражаттары мен басқа да мүлкіне иелік етеді, кредиттік ұйымдарда есептік және басқа да шоттар ашады, Қауымдастықтың банк және басқа да қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;

9.5.9.   Қауымдастық атынан сенімхаттар береді;

9.5.10. бухгалтерлік есеп және басқа да есептілік жүргізуді ұйымдастырады;

9.5.11. қолданыстағы Заңнамаға және осы Жарғыға сәйкес Қауымдастық қызметінің мақсаттарына жету және оның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті кез келген басқа әрекетерді жасайды;

9.5.12. сотта талап қоюшы және жауапкер бола алады.

9.6.      Жалпы жиналыстың шешімі бойынша Қауымдастықтың Басқарушы директорының құзыретіне басқа да мәселелер жатқызылуы мүмкін.

9.7.      Қауымдастықтың басқа қызметкерлерді Басқарушы директор белгілеген құзырет шегінде әрекет етеді.

10.       ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ БАҚЫЛАУШЫ ОРГАНЫ

 10.1.    Бақылаушы орган Жалпы жиналыс 3 (үш) мүшеден тұратын құрамда жай көпшілік дауыспен сайлайтын тексеру комиссиясы.

10.2.    Тексеру комиссиясы әрбір қаржылық жылдың қорытындылары бойынша Қауымдастықтың қызметін аудиторлық тексеруді және қаржылық есептілігінің дұрыстығын тексеруі тиіс, оның нәтижелері Қауымдастықтың жылдық бюджетін Жалпы жиналыс бекіткенге дейін Қауымдастықтың барлық мүшелерінеұсынылады.

 11.       ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МҮЛКІ

 11.1.    Қауымдастық түрлі негіздермен сатып алынған мүліктің меншік иесі болып табылады. Қауымдастық айналымнан шығарылған заттарды қоспағанда, Құрылтай құжаттарында және осы Жарғыда көзделген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кез келген мүлікті меншігінде иелене алады.

11.2.    Қауымдастықтың мүлік көздері мыналар болып табылады:

11.2.1. құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түсімдер;

11.2.2. ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;

11.2.3. заңнамада белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен түсімдер (табыс);

11.2.4. акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (табыстар, сыйақы (мүдде);

11.2.5. Қауымдастық мүшелерінің кіру жарналары;

11.2.6. Қауымдастық мүшелерінің жыл сайынғы мүшелік жарналары;

11.2.7.         заңда тыйым салынбаған басқасда тыйым са.

11.3.    Қауымдастыққа оның мүшелері берген мүлік Қауымдастықтың меншігі болып табылады. Қауымдастық мүшелері олар Қауымдастық меншігіне мүлкіне, оның ішінде мүшелік жарналарға құқықтарын сақтамайды.

11.4.    Мүшелік жарналар ақшалай нысанда (ұлттық және шетел валютасында) енгізіледі. Жалпы жиналыстың шешімі бойынша мүшелік жарнаалр Қауымдастық мүшелерінің мүлкін, сондай-ақ ақшалай бағасы бар мүліктік және мүліктік емес құқықтарын беру арқылы ақшалай емес нысанда енгізілуі мүмкін. Жарнаны ақшалай емес нысанда құндық бағалауды Қауымдастық Кеңесі, осы жарнаны жасаушы мүшемен келісе отырып, тиісті мүліктің немесе құқықтың нарықтық құнына сүйене отырып жүргізеді.Қауымдастыққа белгіленген тәртіпте берілген мүліктің және/немесе мүліктік құқықтардың нарықтық құнын оның мүшелерінің жарналарын төлеу тәртібімен кейіннен өзгерту бұл жарналарды бағалаудың өзгеруіне әкеп соқпайды.

11.5.    Қауымдастықтың мүлікке мынадай құқықтарыбар:

11.5.1. Қауымдастық мүлкі Қрылтай құжаттарында көзделген мақсаттар үшін ғана пайдаланыладыжәне оның мүшелері арасында, оның ішінде Қауымдастыққа мүшеліктен шыққан немесе шығарылғанкезде бөліне алмайды;

11.5.2. егер мұндай мәмілелерге Құрылтай құжаттарында немесе Заңнамада тыйым салынбаса, Қауымдастық оның меншігіндегі мүлікке қатысты кез келген мәмілелерді жасай алады;

11.5.3. егер Қауымдастықтың атқарушы органы орынды деп санаса, Қауымдастық қаржылай қолдау үшін үшінші тұлғаларға жүгіне алады. Қауымдастық заңды немесе жеке тұлғалар шарттық негізде Қауымдастыққа берілген мүлікті пайдалануға құқығы бар;

11.5.4. Қауымдастық Қауымдастықтың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) және басқа органдарының мүлкінің меншік иесі болып табылады. Қауымдастықтың құрылымдық бөлімшелері мен басқа да органдарының берілген мүлікті пайдалану және басқару бойынша өкілеттіктері Қауымдастық бекіткен тиісті ережелермен айқындалады.

 12.       ФИЛИАЛДАР МЕН ӨКІЛДІКТЕР

 12.1.Қауымдастықтың құрылымдық бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктер) есептік тіркеуге жатады.

12.2.Қауымдастықтың құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) есептік тіркеу аумақтық әділет органдарында жүргізіледі.

12.3.Филиалдар мен өкілдіктерге Қауымдастықтың мүлкі беріледі және Жалпы жиналыс бекіткен ішкі қағидалар мен ережелер негізінде, сенімхат бойынша, дербес әрекет етеді, осы Жарғыға сәйкес ақша қаражаттары мен мүлікке иелік етеді.

12.4.Қауымдастық тіркелген кезде филиалдары мен өкілдіктері болған жоқ.

 13.       ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

 13.1.    Қауымдастықта жеке және заңды тұлғалармен, оның ішінде шетелдік тұлғалармен оның қызметін жүзеген асыру кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралады.

14.       ЖАРҒЫҒА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ

 14.1.    Қауымдастық Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатады.

14.2.    Қауымдастықтың кез келген толық мүшесі осы Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысын Жалпы жиналыстың қарауына шығаруға құқылы.

14.3.    Осы Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар Жалпы жиналыстың шешімі бойынша Жалпы жиналысқа қаысып отырған толық мүшелердің ¾ дауысының білікті көпшілігімен енгізілуі мүмкін.

14.4.    Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар олар бекітілгеннен кейін күнтізбелк бір айдан кешіктірілмей әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.

15.       ҚАУЫМДАСТЫҚТЫ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ

 15.1.    Қауымдастық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен қайта ұйымдастырылуы мүмкін.

15.2.    Қауымдастықты қайта ұйымдастыру бірігу, қосу, бөлу, бөліп шығару нысанында жүргізілуі мүмкін.

15.3.    Қайта ұйымдастырған кезде Қауымдастықтың мүлкі, құқықтары мен міндеттері Жалпы жиналыста және қолданыстағы Заңнамада айқындалған тәртіпте және шарттармен құқықтық мұрагерге ауысады.

15.4.    Қауымдастық Жалпы жиналысың шешімі бойынша ерікті түрде және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да заңнамалық актілерде көзделген негізде және тәртіпте сот шешімі бойынша мәжбүрлі түрде қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін. Тарату комиссиясын құру және оның қызмет ету тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында регламенттеледі.

15.5.    Қауымдастықты тарату кезінде оның меншігі немесе оны өткізуден алынған қаражаттар оның мүшелерінің табысына айналдырыла алмайды. Қауымдастықтың мүлкі оның қызметі тоқтатылған кезде, кредиторлармен есеп айырысудан кейін, осы Жарғыда көзделген ақсаттарға, таратылатын Қауымдастық ұстанған дәл сондай жақын мақсаттарды ұстанатын ұйымдарға беріледі.

15.6.    Ұлттық бизнес-сәйкесендіру нөмірлерінің тізіліміне бұл туралы жазба енгізілген кезден бастап Қауымдастық таратылды, ал Қауымдастық — өз қызметін тоқтатты деп саналады.

15.7.    Осы Жарғыда реттелмеген барлық басқа мәселелер бойынша Қауымдастық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.